Menu
Поиск
Generic filters
Подкаст
Эпизод
Фильрт эпизодов по языкам и странам
казахстанский подкаст
Кыргызстанский подкаст
Таджикистанский подкаст
Узбекистанский подкаст
Туркменистанский подкаст
на казахском языке
На кыргызском языке
На таджикском языке
На узбекском языке
На туркменском языке
На русском языке

№1 Ербол Азанбек: «Қазақтілді пиаршылар аудармашылардың қызметін атқаруда»

2018 жылы мен Арменияда өткен CampCamp аясында Find your B подкастының авторы Қайыржан Альбазаровпен танысып, подкаст әлемімен тереңірек танысуға мүмкіндік алдым. Бұл уақытқа дейін мен белсенді подкаст тыңдаушысы болып келдім, өзімнің жеке авторлық подкастымды жасау идеясы да жаныма өзегін жая бастаған. Бірақ сол кездесу мен үшін өте маңызды болды. Қайыржан маған Anchor желісі туралы айтып берді, екеуіміз тест үлгісінде алғашқы әңгімемізді жазып көрдік. 2018 жылғы 12 қарашада жазылған осы әңгімеміз менің подкастымның негізін қалады, сондықтан орысша жазылған эпизодымды мен естелік үшін сақтап қойдым.

2019 жыл. Араға бір жыл салып мен подкаст жасау ойыма қайта ораламын да оны алғашқы эпизодым жарияланған 12 қарашада іске қосуға бел байлаймын. Осылай OY-DETOX дүниеге келеді.

Менің подкастымның алғашқы қонағы ретінде танымал PR маманы, қаржы мәселесіне қатысты бірқатар жобалардың авторы, менің жақсы танысым — Ербол Азанбек.

Біз отандық пиар, тіл және азаматтық позиция туралы сөйлестік.

Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

Send in a voice message: https://anchor.fm/ainel-amirkhan/message