Menu
Поиск
Generic filters
Подкаст
Эпизод
Фильрт эпизодов по языкам и странам
казахстанский подкаст
Кыргызстанский подкаст
Таджикистанский подкаст
Узбекистанский подкаст
Туркменистанский подкаст
на казахском языке
На кыргызском языке
На таджикском языке
На узбекском языке
На туркменском языке
На русском языке

№18 Бақытгүл Салықова, Бэлла Орынбет, Талшын Тоқыжанова жыл инсайттары туралы

OY-DETOX-тің №18 арнайы эпизодының қонақтары, менің подкастинг саласындағы әріптестерім Бақытгүл Салықова, Бэлла Орынбет, Талшын Тоқыжановамен 2020 жылдың инсайттарын талқыладық. Биыл оңай жыл болмады, сондықтан болар бұл жылдың инсайттары бұрынғыдан өзгерек болса керек. Бірақ эпизод қалжыңға да, күлкіге де толы. Жаңа жылдық дастарханды дайындау барысында тыңдасаңыздар әбден болады.

Міндетті түрде әріптестерімнің подкастын тыңдауға кеңес беремін, достар! Оларды келесі сілтемелер арқылы таба аласыздар; Бақытгүл Салықова: «Ата ана сағаты» подкасты — https://apple.co/3hstnby «1001 кітап» подкасты — https://apple.co/3rFZjOj Бэлла Орынбет: Qazaqsha Podcasts — https://apple.co/38LySyg Иістелік — https://apple.co/3ht7OaJ Талшын Тоқыжанова: Тамаша жыл — https://apple.co/2L8YoW8

Ақпарат ағынында ой сана тазалығын сақтауға көмектесетін OY-DETOX подкастының алғашқы сезоны осымен тәмамдалды. Бір сезонда барлығы он сегіз эпизод болды. Осы уақыт аралығында менімен болған, менің эпизодтарымды тыңдаған, қандай да бір қолдау білдірген, кері байланыстарын ерінбей жолдап жатқан барша тыңдармандарға, подкастыма келген қонақтарыма алғыс білдіремін. Келе жатқан жаңа жыл әр шаңыраққа бақ пен береке алып келсін. Деніміз сау болсын. Жаңа жылда жаңа сезонда кездескенше, достар!

Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

Send in a voice message: https://anchor.fm/ainel-amirkhan/message