Menu
Поиск
Generic filters
Подкаст
Эпизод
Фильрт эпизодов по языкам и странам
казахстанский подкаст
Кыргызстанский подкаст
Таджикистанский подкаст
Узбекистанский подкаст
Туркменистанский подкаст
на казахском языке
На кыргызском языке
На таджикском языке
На узбекском языке
На туркменском языке
На русском языке

№8 Әуесқой спорттың біздің өміріміздегі рөлі қандай?

Менің подкастымның осы эпизоды жылдың басында жоспарланған болатын. Ол кезде әлемде тәж тажалы салтанат құрып, мемлекет деңгейінде де, жеке деңгейде де қаншама жоспарлар бұзылады деп кім ойлаған? Коронавирус пандемиясы мен еліміздегі төтенше жағдайға байланысты осы демалыста болуы тиіс Алматы марафон болмайды. Десек те бұл әуесқой спорттың біздің өміріміздегі рөлі туралы сөйлесуге еш кедергі емес.

Осыдан төрт жыл бұрын менің өмірімде жүгіру пайда болды. Бұрындары біреу ақша берсе де белсенді спорт түріне жақындамайтын мен бүгінде өзім ақша төлеп, тренермен топта жаттығамын. Бір байқағаным мұндай жағдай менің қатарластарымның басым бөлігінің басында бар. Араларыңызда оқушы кезде дене шынықтырудан босататын анықтама қағазын ̶с̶а̶т̶ы̶п̶ алып, бүгінде бірәәәәзз ақша төлеп жаттығып жүргендеріңіз бар ма?

Жалпы әуесқой спортқа келудің себебі не? Күнделікті жаттығуларға барып, жеке жетістіктерге жетуге не итермелейді? Қандай да бір спорт түрін ересек кезіңде үйренуге болады ма?

Осы және өзге де бірқатар мәселелер аясында ой тербету үшін мен өзім сынды өмірінің бір белесінде жүгіруге не жүзуге келген әуесқой спорттағы әріптестерім Нұрлан Байниязов пен Гүлвира Шардарбекованы шақырдым. Міндетті түрде тыңдаңыздар!

Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

Send in a voice message: https://anchor.fm/ainel-amirkhan/message