Menu
Поиск
Generic filters
Подкаст
Эпизод
Фильрт эпизодов по языкам и странам
казахстанский подкаст
Кыргызстанский подкаст
Таджикистанский подкаст
Узбекистанский подкаст
Туркменистанский подкаст
на казахском языке
На кыргызском языке
На таджикском языке
На узбекском языке
На туркменском языке
На русском языке

#103. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік таным

Біз «Тамаша жыл» кітап клубының қазан айындағы таңдауы Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психология» кітабының 4-тарауын сіздермен бірге талдамақшымыз. Бұл эпизодты басынан соңына дейін Швейцариядағы Цюрих университетінің әлеуметтік антропология бойынша докторанты Индира Алибаева жүргізеді. 

Әлеуметтік таным — бұл біздің басқа адамдар мен әртүрлі әлеуметтік жағдайлар туралы қалай ойлайтынымыз, бұл ақпаратты қалай сақтап, қолданатынымызды зерттейтін әлеуметтік психологияның бөлімі.

Уақыт коды: 

1:00 — Индираның диссертациясы. Адамның этностық ерекшелігі оның өміріне қалай әсер етеді?

2:28 — Орта ғасырдағы және қазіргі стереотиптер

3:45 — Әлемді қалай түсінеміз?

4:10 — Түсініксіз заттарды қалайда түсінікті етуге тырысамыз

5:27 — Адам белгілі бір ерекшеліктерімен туылады және тәрбие/қоршаған орта қосымша реңк береді

9:18 — Адамның миы жылдам реакция береді: сөйтіп стереотип туындайды

12:09 — Үйреншікті емес жағдайларда орын алатын ойлау жүйесі

13:34 — 100%  дәлелденбеген ақпаратқа неге сенеміз? 

14:35 — Адамдар үнемі басқа адамдар туралы ойлайды, олардың ойлары қызық; құбылыстардан, заттардан адамның бейнесін іздейміз

16:00 — Адамдарды жіктеу: «өзіміз» vs «бөтен»

18:40 — Адамның пікіріне әсер ететін сыртқы факторлар. Әлеуметтік контекст

19:00 — Бағалау салыстырмалы контексте жүреді

20:00 — Санамыздағы схемалар, модельдер