Menu
Поиск
Generic filters
Подкаст
Эпизод
Фильрт эпизодов по языкам и странам
казахстанский подкаст
Кыргызстанский подкаст
Таджикистанский подкаст
Узбекистанский подкаст
Туркменистанский подкаст
на казахском языке
На кыргызском языке
На таджикском языке
На узбекском языке
На туркменском языке
На русском языке

#109. Ақниет Байбоз: 200 доллармен басталған бизнес, докторантура және спорт

Бүгін бізде қонақта кәсіпкер, геология ғылымдарының докторы, half ironman-ды аяқтаған триатлоншы — Ақниет Байбоз. Ақниет өзінің бизнеске қалай келгені, сақтап жүрген 200 долларын жарнамаға салып, серіктестерімен бірге жылдық айналымы $2.5 миллионға дейін жететін бизнесті қалай тұрғызғаны туралы айтып береді. Сонымен қатар, эпизодта докторантураны не үшін оқығаны, триатлонмен қалай айналыса бастағанын да шалып өттік.

00:00 — Ақниетті таныстыру

2:17 — Дипломды алған сәттен бастап апатия басталды, түсініксіз жағдайда болдым

3:34 — Группаластарыммен бірігіп, сайт жасаумен айналыстық. Тапсырыс берушінің жұмысына қарай отырып, бизнес идея келді

5:32- Әртүрлі сайттар, лэндинг парақшалар жасадық, бірақ …

6:42 — Қайтадан көңілім түсті, бірақ ойыма ескі досым келді

7:00 — Барахолкаға барып,  бизнес идеямды айттым: ол келісті

7:27 — Жарнамаға $200 салдық

8:08 — Бизнестегі ең басты, маңызды ресурс — серіктестер

8:41-  2020 жылы пандемияға қарамастан, 930 млн теңгеге сауда жасадық

10:20 — Серікстестермен сәтті жұмыс істеудегі бір лайфхак

11:25 — Ештеңеге қарамастан, бір бірімізді қолдауды үйрендік

15:00 -Батыс пен солтүстіктің қазақтары, қытай ұлтының өкілдері біріккенде қандай бизнес шығады?

17:10 — Серіктесімізге киім таңдауды үйрендік, бизнесменнің сағаты оның айлық пайдасымен бірдей болуы керек

20:00 — Алғашқы салған инвестицияларымыз туралы

20:50 — Қаланың ортасынан офис босқа офис алған тәрізді қателіктер болды, ақшаны жеткізбеген сәттер де болды

23:00 — Бар клиенттерімізге сататын өнім ассортиментін көбейтуді ойладық

23:50 — Цех салғымыз келді, бәрі жақсы,  бірақ …

26:00- Өндіруге қажетті бөлшекті сататын Түркиядағы компанияға келіссөзге бардым

29:00- Бизнестегі тәуекелдер, білімнің қажеттілігі. Жақсы білім базасы көпке дейін жетеді

36:50 -40 жастағы өзім қандай болады екен деп қызығамын

37:50 — Не үшін геология ғылымдарының доктор дәрежесін алдым?

44:20 — Палеохантинг деген саланы дамытқым келеді

50:10 — Өміріңнің барлық секторларын қалай үйлестірдің? Делегирование жасау.

55:40 — Серіктестеріммен бірге триатлонмен айналысып, Португалиядағы half ironman жарысына дайындалдық

59:25 — Саяхат жасаудың үш деңгейі

01:02 — Ақниетпен болатын болашақ эпизодтар