Menu
Поиск
Generic filters
Подкаст
Эпизод
Фильрт эпизодов по языкам и странам
казахстанский подкаст
Кыргызстанский подкаст
Таджикистанский подкаст
Узбекистанский подкаст
Туркменистанский подкаст
на казахском языке
На кыргызском языке
На таджикском языке
На узбекском языке
На туркменском языке
На русском языке

3. Тұрар Қазанғап: Үздік фотограф жоқ, үздік фото бар

Үшінші эпизод қонағы — Тұрар Қазанғап.

Біз Тұрармен фотоөнерге келуі, Тенгриге жұмысқа орналасуы, ел сыртында өткізген фотокөрмелері жайлы әңгімелестік. Ол үздік суреттер мен үздік фотографтар жайлы да айтты. Эпизод фотоөнерге еш қызықпайтын жандарға да ерекше әсер қалдырады деп ойлаймын. Себебі, Тұрар мырзаның әкесі жайлы естелігі мен анасына деген құрметі, адамгершілік туралы ойлары көп адамды ойландырары анық. Ал фотоөнерге қызығатын жандарға қолға түсе бермейтін қазына дер едім.

@kazangapov.kz
– Фотограф, документалист
– Tengrinews.kz порталының фотокорреспонденті

Time code:

00:00 — Алғы сөз
01:30 — Тұрардың өзін таныстыруы
02:30 — Балалық шағы мен Босаға ауылы жайлы
05:00 — Үш ұрпақтан жалғасқан өнер: фотограф атасы мен әкесі жайлы
10:00 — Фотоөнерге келуге не түрткі болды?
16:00 — Фотожурналистика қызығушылық қашан пайда болды?
18:00 — Фотоархивті қайда сақтаған дұрыс?
21:00 — Елдегі һәм әлемдегі жоғары баға беретін фотографтар
24:00 — Атақты фотограф Юджин Смит жайлы
28:00 — Кураторы Юрий Козыревтің оқиғасы: Ауған соғысында тұтқынға түскен фотограф
32:00 — Фотографты мазалайтын қорқынышты ойлар
37:00 — Кевин Картер, Пулитцер сыйлығы және құзғын мен қыз
40:00 — Тұрар түсіре алмағанына өкінетін сурет: “Қара автобус ішіндегі шахтерлер”
44:00 — Tengrinews.kz сайтына қалай келді?
50:00 — Елдегі жағдай Тұрар Қазанғаптың көзімен
55:00 — Ренат Ташкенбаевпен бірге жасаған фоторепортаждар жайлы
58:00 — Әке ізімен немесе моряктар өмірі
1:01:00 — Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті және ерекше сурет тарихы
1:07:00 — Өзі фотограф боп барған Геннадий Головкиннің жекпе-жектері жайлы
1:13:30 — Оқиғалар тізбегі көбейген кезде фотограф көзі “байланып” қалмай ма?
1:16:30 — Фотокөрме І Фотокөрмелерге суретті қалай таңдайды?
1:20:00 — Атадан келе жатқан фотоөнер балаға жалғаса ма?
1:22:00 — Шабыт шақырып, біліктілігін арттыру үшін Тұрар не істейді?
1:24:00 — Мобилография науқаны І Тұрар жеке курс ашуы мүмкін бе…
1:27:00 — Кей ақындар өлең өртейді. Тұрар сурет өшіре ме?
1:30:30 — Тұрақты айдар: қонақтан екі минуттық месседж
1:33:30 — Соңы. Подкастер сөзі

Подкаст жүргізушіcі: Ербол Молдажанов
Аудиомонтаж, фотограф: Ернар Алмабек
Дизайнер: Аслан Самарханов, Томирис Есқали