Menu
Поиск
Generic filters
Подкаст
Эпизод
Фильрт эпизодов по языкам и странам
казахстанский подкаст
Кыргызстанский подкаст
Таджикистанский подкаст
Узбекистанский подкаст
Туркменистанский подкаст
на казахском языке
На кыргызском языке
На таджикском языке
На узбекском языке
На туркменском языке
На русском языке

Дәрігерлер көмек сұрауда. Кім араша түседі?

Баршаңызға сәлем, сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оның жүргізушісі мен журналист Әсем Жапишева.

Соңғы бірнеше күнде елімізде коронавирус статистикасы күрт нашарлады. Әсіресе, ауруға шалдыққан дәрігерлер саны қатты өсті. Тек Алматының өзінде ғана соңғы күндері тіркелген 221 жаңа аурудың — 160 медицина қызметкерлері екен. Дәрігерлердің айтуы бойынша, олар маскілер мен басқа қажетті құралдардың жоқтығынан жаппай вируспен ауырып жатыр, ал медицина шенеуіктері болса, кінәнің бәрі дәрігерлердің өзінен, сақтанудың әдістерін білмейді деп сөздерін жоққа шығаруда. Одан басқа, медицина қызметкерлеріне тиесілі төлемақылар жағынан да бүлік шықты. Дәл сол дәрігерлердің айтуы бойынша ол төлемдер тек бірнеше қаланың аурухана қызметкерлінің қолына тиіп, өңірлерге мүлдем жетпей қалған көрінеді.

Шыдамы тауысылған медицина мамандары митингілерге шығып, шенеуіктерге сотқа беріп, Тоқаевқа хаттар жаза бастады. Сонымен, дәрігерлердің халі қандай және осылай кете берсе бізді кім емдейді? Және Айзат Молдағасымованы жауапқа шынымен тарта ма? Сол туралы ақпарат жинадық. Кеттік