Menu
Поиск
Generic filters
Подкаст
Эпизод
Фильрт эпизодов по языкам и странам
казахстанский подкаст
Кыргызстанский подкаст
Таджикистанский подкаст
Узбекистанский подкаст
Туркменистанский подкаст
на казахском языке
На кыргызском языке
На таджикском языке
На узбекском языке
На туркменском языке
На русском языке

Кәсіпкерлерді қолдау бірнеше жылға созылуы керек пе?

Төтенше жағдай режимі енгізілгеніне міне бір айдан асты. Екі мыңнан астам ауру тіркеліп, 19 адам көз жұмды. Ал он мыңдаған адам жұмыссыз қалып, мыңдаған шағын және орта кәсіпкерлердің де бизнесі тоқтап қалды. Коронавирус Қазақстан экономикасына теріс ықпалын тигізгені сөзсіз. Оған қоса біздің экономиканың тірегі – мұнай бағасы кеше жиырма жылда алғаш рет күрт төмендеп, 16 доллардан төмен түсіп кетті.

Әрине, карантин режимі халықтың денсаулығын сақтау үшін маңызды. Бірақ, менің осы каналдағы көрермендерімнің бірі комментариінде жазғандай «Бірінші неден өлеміз – аштан ба, коронавирустан ба, білмейміз» демекші, жұмыссыздық салдары вирустан да ауыр болуы мүмкін.

Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша 20 сәуірден бастап Алматыда бірқатар кәсіпорын мен құрылыс сауда орталығының жұмысы кезең-кезеңімен іске қосылады, бірақ бұл бизнестің тым болмаса пандемияға дейінгі деңгейіне қайта оралуына көмектесе ме? Сол туралы әңгімелесейік.