Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болды. Бұл тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді тарих бетінен оқимыз. Желтоқсан көтерілісіне КОКП нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. Кей деректер бойынша, 99 адам сотталып, 264 студент оқудан шығарылған. Бүгінгі шығарылымда Желтоқсан оқиғасына қатысқан қыздар, әйелдер мен олардың естеліктеріне тоқталғым келеді.
Подкаст авторы Ақбота — Қазақстан тарихы пен әдебиетінде (кез келген салада) әйелдерге аз орын берілген деп көңілі толмай, олқылықтың орнын толтыруға тырысып жүрген студент, журналист.
Инстаграм: akbotaum
Пошта: akbotagee11@gmail.com